― 16 октября 2024 г.
Заңғар жазушы Бердікбек Соқпақбаевтың 100 жылдығы Стамбұлда аталды.
Түркі дүниесі мәдениет орталығында өткен шара аясынба жазушының түрік тіліне аударылған “Өлгендер қайтып келмейді” кітабының тұсауы кесілді. Аударған түріктің жас ғалымы Хусеин Варол. Салтанатты шарада жиылған қауымға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың сәлемін Қазақстанның өкілі Бақытжан Омар жеткізді. Стамбұлға Алматы облысынан мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев бастаған делегация арнайы келді. Олардың арасында жазушының қызы Самал Соқпақбаева да бар. Түрік, башқұрт ғалымдары Бердібек Соқпақбаевтың шығармасымен жақыннан танысып, алған әселерімен бөлісті. Соқпақбаевтың 100 жылдығы 6 қараша күні ЮНЕСКО-ның бас штаб пәтерінде тойланады.