― 17 декабря 2024 г.
ТҮРКСОЙ-да «Жеңіс тарихымыздың бейнесі» атты кітаптың тұсаукесері өтті
Анкарадағы ТҮРКСОЙ хатшылығы конференция салонында өткен кітаптың тұсаукесері бір минуттық үнсіздік және Әзербайжан мен Түркия әнұранын тыңдаумен басталды. Кеш Карабахтың екінші жеңісіне арналған қысқаметражды фильм көрсетілімімен жалғасты.
Зарифа Кулиеваның «Жеңіс тарихымыздың бейнесі» кітабының тұсаукесері бағдарламасында ТҮРКСОЙ-дың Әзербайжан өкілі Эльчин Гафарлы Бас хатшы Сұлтан Раевтың сәлемдемесін оқыды. Гафарлы отыз жыл бойы оккупацияда болған Карабахтың Хайдар Алиев және Ильхам Алиев басшылығымен қайта қалпына келтіріліп жатқанына тоқталды.
Карабах қалпына келтірілуде
Осылайща сөзін жалғастырған Гафарлы Карабахты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баса айтып, кітап авторы Зарифа Кулиеваға алғысын білдірді.
ТҮРКСОЙ 2-ші Карабах соғысы кезінде мәлімдеме жасаған алғашқы ынтымақтастық ұйымы болды
Гафарлы 2-ші Карабах соғысы кезінде ТҮРКСОЙ-дың түркі әлеміндегі алғашқы ынтымақтастық ұйымы ретінде мәлімдеме жасап, Әзербайжанға қолдау білдіргенін мақтан тұтатынын айтты. «Бұл мәлімдеменің мәтінін дайындау, мен үшін үлкен мәртебе болды», - деді ол.
Жиында сөз сөйлеген «Коджаели Әзербайжан Хайдар Алиев» Мәдениет үйі қауымдастығының президенті Билал Дүндар «Екі мемлекет – бір халық» тақырыбына тоқталып, шешуші жеңістің сәулетшісі ұлы көшбасшы Хайдар Алиев, содан кейін бас қолбасшы Ильхам Алиев және түркі әлемінің ортақ дұғасының арқасы деп сөз сөйледі.
Сондай-ақ ол Хайдар Алиевтің түркі тайпаларын басқарған маңызды тұлғалардың бірі екенін атап өтті. Алиевтің Карабахты азат ету үшін салған іргетасының маңыздылығына тоқталды.
Отырыста сөз алған Әзербайжан мәдени орталығының вице-президенті Эльнур Хусеинов 2-ші Карабах жеңісінің түркі әлемі мен Әзербайжан тарихындағы ең маңызды бетбұрыстардың бірі екеніне тоқталып, кітап авторы Зарифа Гулиеваны құттықтады.
Балыкесир депутаты Исмаил Ок, Түркия-Әзербайжан парламентаралық достық тобының төрағасы, Ыстамбұл депутаты Шамиль Айрым, Коджаели депутаты Харун Озгур Йылдызлы сөз сөйлеп, 2-ші Карабах жеңісінің маңыздылығымен түркі әлемінің бауырластығы жайлы әңгімеледі.
Анкара-Әзербайжан қауымдастығының президенті Ердоган Чечен өз сөзінде Карабахтағы жеңістің мәдени-соғыс есігін ашқанын айтып: «Біз өз еліміздің рухын өнер мен әдебиетте көрсетуіміз керек», - деді.
Ал кітап авторы Зарифа Кулиева ТҮРКСОЙ-ға, Әзербайжан елшілігіне, Қоғамдық ұйымға (STK) алғысын білдіріп, ұйымдастыру шарасына қолдау көрсеткені үшін ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевқа шын жүректен ризашылығын айтты.
Кітаптың тарихи жеңіс екенін атап өткен автор, Бас қолбасшы Ильхам Алиевтің жетекшілігімен оның жұбайы Әзербайжанның бірінші ханымы Мехрибан Алиеваның әзербайжан әйелдеріне лайық қолдау көрсетіп отырғанын және бұл кітапта да осы жайлы сөз қозғағанын жеткізді.
Панель сыйлықтар табыстаумен және фотосессиямен аяқталды.
Кітаптан
Айта кетейік, Зарифа Кулиева өз кітабында Бас қолбасшы Ильхам Әлиевтің 2-ші Карабах соғысы нәтижесінде қол жеткізген шешуші жеңісіндегі рөлі, әзербайжан халқының Бас Қолбасшысына сенімі, Әзербайжанның аумақтық тұтастығын және түркі бауырлас бейбітшілікті қамтамасыз ету салдары, сондай-ақ, Бас қолбасшының әйелінің рөліне тоқталды. Әзербайжанның бірінші ханымы Мехрибан Алиеваның жұбайына көрсеткен қолдауы да жеңіске түрткі болғаны жазылған.