― 19 декабря 2024 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Кожаелидегі Әзербайжан мәдениет үйінде болды
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Кожаелидегі Әзербайжан Хайдар Әлиев атындағы мәдениет үйінде болды. Сапар барысында түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығын нығайту және бірлескен жобаларды жүргізу мәселелері талқыланды. Сайит Юсуф Мәдениет үйінің жұмысы туралы ақпарат алып, алдағы уақытта өтетін шаралар мен ынтымақтастық мүмкіндіктеріне тоқталды.
Түркия-Әзербайжан бірлестіктері федерациясының құрметті және негізін қалаушы президенті Билал Дүндар басқаратын Әзербайжан Хайдар Алиев Мәдениет үйі Кожаелиде Әзербайжан мәдениетін дамыту және насихаттау мақсатында құрылған. Мұндай сапарлар түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, ортақ құндылықтарды сақтауға септігін тигізеді.
Сайит Юсуф Мәдениет үйіндегі “Қуғын сүргін” музейін аралап, қауымдастықтың күнделігіне қол қойғды. Осылайша сапар ТҮРКСОЙ ұйымының Түркі әлемінің түрлі аймақтарындағы мәдени ұйымдарының ынтымақтастығын арттыру мақсатындағы жұмысының бір жемісіне айналды. Мұндай байланыстардың ортақ мәдени мұраны болашақ ұрпаққа жеткізу және түркі әлемі елдері арасындағы қарым-қатынасты тереңдету тұрғысынан маңызы зор.