― 18 декабря 2024 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ICESCO Бас дирекциясында болды
Рабаттағы ICESCO штаб-пәтерінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ICESCO бас директоры Салим М.Әлмәликпен кездесті. Сұлтан Раев ICESCO-ға алғаш рет барудың маңызына тоқталып, Әлмәликке Махтумкулу Фиракидің туғанына 300 жыл толуына арналған шараларды өткізгені үшін алғыс айтты.
Кездесу барысында екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы сөз болды. «Осы құнды шарада сіздермен бірге жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымыз», - деді Сұлтан Раев. Ол сондай-ақ ынтымақтастықтың жалғасып жатқанына риза екенін білдірді.
Махтумкулуны насихаттау және осынау маңызды тарихи сәтті мәдени шаралар арқылы атап өту бағытында атқарылған жұмыстардың екі тарап үшін де маңызы зор. Сапар ТҮРКСОЙ мен ICESCO арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға жол ашпақ.