WhatsApp Image 2024-12asas-17 at 12.50.15
17 декабря 2024 г.

Алматы қаласында Фараби университетінің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен түркі әлемі фотосуретшілерінің конференциясы өтті

17 декабря 2024 г.

Алматы қаласында Фараби университетінің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен түркі әлемі фотосуретшілерінің конференциясы өтті

Алматы қаласында Фараби университетінің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен түркі әлемі фотосуретшілерінің конференциясы өтті.

Тарихи басқосу түркі мемлекеттерінің фотосурет саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту, мәдени мұраны көрнекі түрде насихаттау және ортақ құндылықтарды сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Шара аясында Түркі әлемі фотографтары одағының құрылу салтанаты да өтті. Шараға Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан елдерінен фотографтар, журналистер, ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев: «Түркі әлемі – сөзбе-сөз мәдениет пен өнер өрісі. Тарихымызды, өнерімізді, салт-дәстүрімізді фотосурет тілі арқылы әлемге таныту – қазіргі заманның маңызды талабы. Түркі әлемі фотографтары одағы –  осы жауапкершілікті атқаратын маңызды алаң». ТҮРКСОЙ ұйымы аясында құрылған бұл одақ түркі әлемі фотографтары арасындағы кәсіби қарым-қатынасты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға үлкен қадам болды».

Жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері, университеттің танымал оқытушылары, фотосурет саласының мамандары, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның жетекші фототілшілері, сондай-ақ ТМД елдеріндегі Nikon сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, кездесуге онлайн қатысқан Еркин Болджуров, Мурат Гюр, Дилар Наджафов және Закир Авшар сынды жас таланттар, өз пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті.

Конференция барысында түркі әлемінің мәдениеті мен өнерін дамытуға қатысты түрлі ұсыныстар айтылды. Ең маңызды пікірлердің арасында:

Бірлесіп фотокөрмелер ұйымдастыру, тарихи-рухани мұраны негіздеуге арналған этно-зерттеулер өткізу,

Түркі әлемінің тұрмысы мен салт-дәстүрін көрсететін фотоальбомдар дайындау.

Бұл бастамалар бауырлас түркі халықтары арасындағы ынтымақты нығайтып, ортақ мұраттарды асқақтатуға септігін тигізетіні баса айтылды.

Конференция қатысушылардың естелік суретке түсуімен аяқталды. Бұл маңызды оқиға тек фотосурет саласы мамандарының басқосуы ғана емес, түркі әлемінің мәдени бірлігі мен ортақ мұрасын паш еткен тарихи қадам болды. 

 

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2024-12-asda17 at 12.51.57
WhatsApp Image 2024-12-17 at 12.50.15
WhatsApp Image 2024-12-17 at 12.51.57
WhatsApp Image 2024-12-17 at 12.50.14
WhatsApp Image 2024-12-17 at 12.48.40
WhatsApp Image 2024-12-17 asat 12.50.14

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған

WhatsApp Image 2024-10-16 at 16.46.28

Заңғар жазушы Бердікбек Соқпақбаевтың 100 жылдығы Стамбұлда аталды.

Заңғар жазушы Бердікбек Соқпақбаевтың 100 жылдығы Стамбұлда аталды.