SANAT TOPLULUKLARI
ТҮРКСОЙ бастамаларының нәтижесінде үш түрлі өнер қауымдастығы құрылды. Бұл ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің ұлттық аспаптарын біріктіретін ТҮРКСОЙ халық аспаптар оркестрі, құрылған жылы Еуропалық хор ойындарында 3 алтын медаль иеленген ТҮРКСОЙ Жастар хоры және құрылған күннен бастап дүние жүзіндегі өнер сүйер қауымға керемет көңіл күй сыйлап келе жатқан ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі.
ТҮРКСОЙ халық аспаптар оркестрі
Түркі әлемінің дәстүрлі аспаптарымен этникалық және дәстүрлі музыкасын әлемге таныту мақсатында 2016 жылы құрылған. Оркестр құрамында домбыра, бағлама, сырнай, шертер, тар, кеменше, комуз. секілді түркі тілдес халықтардың аспаптары бар.
ТҮРКСОЙ халық аспаптар оркестрі 2016 жылдың наурыз айында өткізілген Наурыз мерекесі аясында Анкара, Стамбұл, Нью-Йорк және Вашингтонда алғаш рет концертін өткізді. Кейін ТҮРКСОЙ халық аспаптар оркестрі Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерттік шара ұйымдастырды. 2016 жылы гастрольдік сапары аясында Қазақстан (Талдықорған, Алматы), Қырғызстан (Бішкек), Түркия (Анкара, Стамбул, Кахраманмараш, Малатия) және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (Гирне) өнер сүйер қауымның алдына шықты. 2017 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан іс-шаралары аясында оркестр Түркия (Эдирне), Румыния (Констанца және Бухарест) және Молдовада (Кишинев және Комрат) концерттерін жалғастырып, дәстүрлі түрік музыкасын насихаттауда алдына жан салмай келеді.
2018 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының 25 жылдық мерейтойы аясында Түркия мен Жапонияның түрлі қалаларында концерт берген ТҮРКСОЙ халық аспаптар оркестрі түркітілдес Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия және Алтай елдерінде өнер көрсетті. Ресей Федерациясының автономиялық республикалары - Татарстан, Башқұртстан, хакас, тыва, саха-якут, сондай-ақ Моңғолия мен Гагаузия (Молдавия) елдерінің дәстүрлі әуендерін көрермендерге жеткізеді. Оркестр түрік әлемінің түрлі елдеріндегі танымал музыка және би қауымдастықтарында белсенді жұмыс істейтін кәсіби солистер, бишілер мен музыканттардан тұрады.
ТҮРКСОЙ Жастар хоры
Түркі республикаларының жетекші консерваторияларынан іріктеліп алынған талантты жастардың басын қосып, түркі әлемінің хор ұжымдары арасында репертуар, дирижерлер мен музыканттар алмасу және түркі музыкасын әлемге таныту мақсатында құрылған ТҮРКСОЙ Жастар камералық хоры енді бүгінде түркі әлемінің мақтанышы айналды.
Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Татарстан студенттерінен құрылған хор 2015 жылы Анкарада алғаш рет бас қосты. Түркітілдес елдердің Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 32-мерзімді отырысында қабылданған шешіммен жүзеге асқан жоба түркі халқы арасында хор музыкасын танытуды мақсат етті. ТҮРКСОЙ шаңырағында бас қосқан жас өнерпаздар өз саласының мамандарынан алған тәлім-тәрбиесімен аз уақыттың ішінде елеулі табыстарға қол жеткізді. ТРТ радиосы хорының дирижері Эльнара Каримова мен Қазақстан филармониясы хорының дирижері Гүлмира Құттыбадамовадан білім алған ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры 2-Еуропалық хор ойындарында алғаш рет үлкен сынақтан өтті. 2015 жылы Германияда өткен байқауда түркі әлемін таныстырып, жеңіп алған 3 алтын медалімен бүкіл түрік әлемінің мақтанышына айналған жас таланттар 2015 жылы Германияда өткен фестиваль Junger Künstler Bayreuth фестивалінде көрермендер алдына шықты. Ал Байройт 2016 жылы әлемнің түрлі елдерінен хор ұжымдары қатысқан бұл фестиваль түркі әлемінің жас өнерпаздары үшін тәжірибе алмасу тұрғысынан өте маңызды орынға ие еді. Фестиваль аясында 10 қалада концерттер ұйымдастырылып,сол кезеңде
Harmony International Korosu құрылды.
ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығы аясында 2018 жылы Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Семей, Өскемен және Астана қалаларында концерт берген жас таланттар өз өнерлерімен түркі халық әуендерін әлемнің түкпір-түкпіріне танытуда жалғастырып жатыр.
ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі
Түркі тілдес халықтардың музыкалық әлеуетін әмбебап классикалық музыка тілі арқылы көрсету және түрік мәдениеті мен түрік классикалық музыка шығармалары мен композиторларын жақынырақ тануды қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы құрған ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің дарынды консерватория студенттерін біріктіреді.
ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрліктерінен басқа Түркиядағы Хаджеттепе университеті Анкара мемлекеттік консерваториясы, Құрманғази атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қырғыз ұлттық консерваториясы, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы, Чиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясы, Хажыбейли Баку музыкалық академиясы мен Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер академиясының ректорларының қолдауымен құрылған оркестр Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, АҚШ, Германия, Англия, Италия, Шотландия, Франция, Аустрия, Словакия, Македония, Косово, Черногория, Босния және Герцеговина, Сербия және Албанияның түрлі қалаларында 60-қа жуық концерт өткізді.
ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі түрлі континенттерде ұйымдастырылған ондаған концерттерде түркі мәдениетінің ортақ әуендерін сәтті орындап, көрермендерді тәнті етті. Алғаш концертін 2010 жылы Түркия Республикасының астанасы Анкарада және Еуропаның мәдени астанасы Стамбулда I Стамбул халықаралық жастар оркестрлері фестивалі аясында берген топ кейінірек Халықаралық жас өнерпаздар фестиваліне қатысып, топ жарды. Германияның Байройт қаласында өткен фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен келгендердің назарын аударып, жас таланттармен концерт берді. 2011 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жаңа репертуармен жиналған ТҮРКСОЙ Жастар камералық оркестрі ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының тікелей қолдауымен Президенттік симфониялық оркестр студиясында алғашқы альбомын жазды. Оркестр 2012 жылы Америка, Еуропа және Еуразия елдеріндегі жеке концерттерінен басқа Юнус Эмре оратория туры аясында ТҮРКСОЙ симфониялық оркестрімен Нью-Йорк пен Вашингтонда өткен концерттерде өнер көрсетті. 2013 жылы ТҮРКСОЙ ұйымдастырған Түркия турнесі аясында қайта бас қосқан ұжым репертуарын толығымен жаңартып, ТҮРКСОЙ ұйымының 20 жылдық мерейтойында екінші альбомын шығарды. 2017 және 2018 жылдары Балқан аймағында Македония, Черногория, Косово, Босния және Герцеговина және Сербияда 10 концерт ұйымдастырып, көрермендерге ұмытылмас сәттер сыйлады. Оркестр ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж/Франция) өнер көрсетті. Әлемдегі ең беделді концерттердің бірі ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналған классикалық музыканың әйгілі сахналарының бірі Мусикверейнде (Вена/Аустрия) және Словакияның астанасы Братиславада өнер сүйер қауыммен кездесті. Оркестрге әзірбайжандық жас талант Мұстафа Мехмандаровтың жетекшілік етеді. Әлемге әйгілі солистер және жас таланттар жыл сайын түрлі елдерде гастрольдік сапарларға шығып келеді.