ADC_5079
19 февраля 2025 г.

ТҮРКСОЙ мен Караманоглу Мехметбей университеті арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды

19 февраля 2025 г.

ТҮРКСОЙ мен Караманоглу Мехметбей университеті арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф пен Караманоглу Мехметбей университетінің ректоры Мехмет Гавгалы қол қойған хаттама академиялық, мәдени және әлеуметтік салаларда ынтымақтастықты қамтамасыз ету, түркі мәдениеті мен мұрасын қорғау және насихаттау және осы салада ортақ жобалар жасауды мақсат етеді.

Хаттама аясында мәдениет, өнер және академиялық салаларда ынтымақтастық жасалады. Мәселен  семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, конгресстер, көрмелер, фестивальдер мен концерттер сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, студенттер үшін тағылымдамадан өту және оқыту бағдарламалары жүзеге асырылатын болады. Караманоглу Мехметбей университеті ТҮРКСОЙ-дың академиялық, ғылыми және мәдени іс-әрекеттеріне өз тәжірибелеріне сәйкес ғалымдар немесе кеңесшілермен қолдау көрсетеді.

Тараптар ортақ мүдделі салалардағы жұмыста бір-біріне қолдау көрсетіп, қажетті көмек көрсетеді. Екі мекеме арасындағы ынтымақтастық түркі әлемінің мәдени және академиялық білімін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Медиа галереясы

ADC_5098
ADC_5088
ADC_5083
ADC_5077

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған