― 21 февраля 2025 г.
ТҮРКСОЙ-да Бахтияр Вахабзаданы еске алу жылының ашылу салтанаты өтті
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымында Әзербайжанның ұлы ақыны Бахтияр Вахабзаденің 100 жылдық мерейтойына орай оны еске алу шарасының салтанаты ашылуы өтті. Жиынға Әзербайжан мен Түркияның жоғары лауазымды тұлғалары, мәдениет және өнер қайраткерлері, ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің өкілдері қатысты.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуфтың ашылу сөзі
Салтанатты шараның ашылуында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф сөзін ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың құттықтауымен бастап, Бахтияр Вахабзаденің түркі әлемі үшін маңыздылығына тоқталды. Ол «Бахтияр Вахабзаде тек Әзербайжанның ғана емес, күллі түркі әлемінің ортақ құндылығы. Оның шығармалары түркі мәдениеті мен тілінің сақталуына үлкен үлес қосты. Біз бүгін осында оның мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу үшін жиналыр отырмыз», - деген ол жыл бойы ақынды еске алу шараларының жалғасатынын айтты.
Вахабзаде Кеңес үкіметі тұсында да түркі болмысы мен тілі үшін күрескен зиялы тұлға
Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Фарид Джафаров Әзербайжанның тәуелсіздік жолындағы күресіндегі Бахтияр Вахабзаденің рөліне тоқталды. Джафаров: «Вахабзаде Кеңес үкіметі тұсында да түркі болмысы мен тілі үшін күрескен зиялы тұлға еді. Оның өлеңдері Әзербайжанның тәуелсіздік рухына бағытталған. Біз бүгінде оның мұрасымен түркі әлемінің бірлігін одан әрі нығайтып жатырмыз», - деген ол түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын қорғау және сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Вахабзаде ақын ғана емес, ойшыл да болған
Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам Бахтияр Вахабзаданың түркі әлемін біріктіруші тұлға екенін айтты: «Вахабзаде тек ақын ғана емес, ойшыл. Оның шығармалары түркі халқының санасы мен болмысына әсер етті. Біз бүгінде оның мұрасы мен түркі мемлекеттерінің мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамытып жатырмыз» деген ол ТҮРКСОЙ ұйымына осы мағыналы шараны өткізгені үшін алғысын білдірді.
Ананың екі ұлы, ағаштың екі бұтағы
Әзербайжанның Анкарадағы елшісі Решад Мамедов Бахтияр Вахабзаденің Түркия мен Әзербайжан арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға себеп болған ақын екеніне тоқталды. Мамедов: «Вахабзаде «Бір ананың екі ұлы, бір ағаштың екі бұтағы» деген жолдарымен екі елдің жүрегінен орын алды. Оның мұрасы түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығына үлкен шабыт берді», - деді ол.
Жер-ана
Ашылу сөзінен кейін Бахтияр Вахабзаденің өмірі туралы қысқаша фильм көрсетілді. Одан кейін ТРТ Анкара радиосының полифониялық хоры Вахабзаденің композиторлық шығармаларын орындады. Хорды Әзербайжанның мемлекеттік әртісі Эльнара Каримова басқарды, фортепианода Наиле Ахмедова сүйемелдеді. Бағдарламада Вахабзаденің «Жер Ана» және «Әзербайжан-Түркия» секілді әйгілі шығармалары орындалды.
Панельдік бөлім: Бахтияр Вахабзаде өмірі мен шығармашылығы
Шараның екінші бөлімінде Бахтияр Вахабзаденің өмірі, шығармалары және түркі әлеміне қосқан үлесі туралы панельдік жиын өтті. Онда Әзербайжанның халық ақыны Сабир Рустамханлы «Бахтияр Вахабзаде және Әзербайжанның тәуелсіздік қозғалысы» атты баяндамасында Вахабзаденің тәуелсіздік күресіндегі рөлі мен өлеңдерінің халыққа әсері айтылды. Әзербайжан Ұлттық кітапханасының президенті Керим Тахиров «Түркі әлемінің бақыты: электронды ақпараттық базаны енгізу» атты баяндамасында Вахабзаде шығармаларын цифрлық медиаға көшіру және болашақ ұрпаққа жеткізу жобасымен таныстырды. Анкара университетінің оқытушысы Риза Хейет «Бахтияр Вахабзаде менің естеліктерімде» атты баяндамасында Вахабзадемен жеке естеліктерімен бөлісті және оның гуманитарлық қыры мен көркем тұлғасы туралы баяндама жасады. AMEA Низами Гянджави атындағы Әдебиет институты директорының орынбасары Ализаде Асгерли «Бахтияр Вахабзаде шығармашылығындағы Әзербайжан, түркі және тұран идеологиясы» атты баяндамасында түркі әлемінің бірлігі мен мәдени мұрасының Вахабзаде шығармаларында қалай көрініс тапқанына тоқталды.
Поэзия және муғамдық концерт
Панельдік жиыннан кейін Бахтияр Вахабзаденің өлеңдері жатқа оқылды. Анкара университетінің студенті Солмаз Исмайлова мен Гази университетінің студенті Виктория Буржа Вахабзаденің өлеңдерін әзербайжан және түркі тілдерінде оқыды.
Бағдарламаның соңғы бөлімінде қатысушылар назарына Әзербайжанның дәстүрлі музыка жанры – муғам өнерінің бірегей үлгілері ұсынылды. Әзербайжандық скрипкашы Араз Ағавердиев, нагарашы Рамин Абдуллаев және тарист Алтай Нифталиевтің сүйемелдеуімен Әзербайжанның мемлекеттік әртісі Мелеханым Эюбованың муғамдық бағыттағы шығармасын орындады. Осылайша муғам тобының өнерпаздары кешті одан сайын әрлей түсті. Шара соңында қатысушыларға сыйлықтар табыс етіліп, ұжымдық суретке түсу рәсімі өтті.
Бахтияр Вахабзаденің өлмес мұрасы
Бахтияр Вахабзаденің туғанына 100 жыл толуына орай ТҮРКСОЙ жариялаған Бахтияр Вахабзаданы еске алу жылының салтанатты ашылуы ретінде ұйымдастырылған бұл еске алу бағдарламасы түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын қорғау және оны келешек ұрпаққа жеткізу ісіндегі маңызды қадам болды. ТҮРКСОЙ 2025 жыл бойы Бахтияр Вахабзаденің шығармалары мен идеяларын насихаттауды жалғастырады.