― 19 февраля 2025 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Караман әкімі Мехмет Фатих Чичеклимен кездесті
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф Қараман әкімі Мехмет Фатих Чичеклиді кеңсесінде болды. Кездесуде Сайит Юсуф ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың жүрекжарды сәлемін жеткізіп, түрік тілінің астанасы Қараманда ТҮРКСОЙ-ға көрсетілген қызығушылық пен ілтипатқа риза екенін білдірді.
Кездесу барысында ТҮРКСОЙ-дың Түрік тілі фестивалі аясында өтетін іс-шаралар жайы сөз болды. Сайит Юсуф ТҮРКСОЙ-дың түрік тілінің астанасы Қараманда өтетін Түрік тілі фестивалінде өз міндеттерін орындайтынын айтып, түрік мәдениеті мен тілінің өмір сүруі тұрғысынан мұндай шаралардың маңызы зор екеніне тоқталды.
Түркі әлемінің мәдени және тілдік бірлігін нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты дамытуда сапардың маңызы өте жоғары. Екі мекеме арасындағы тығыз ынтымақтастық түрік тілі мен мәдениетінің ұрпақтан ұрпаққа жетуіне маңызды үлес қосады.