― 14 февраля 2025 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Түркия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Елші А.Беррис Экинджимен кездесті
2025 жылдың 13 ақпанында Анкарада ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Түркия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Елші А.Беррис Экинджимен кездесті.
Министрдің орынбасары Экинджи ТҮРКСОЙ-дың ұзақ жылдар бойы жүзеге асырған табысты жобаларын жіті қадағалайтынын айтып, ұйымның бауырлас түркі қауымдары арасындағы байланыстарын нығайтудағы рөліне тоқталды. Бас хатшы Раев Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты түркі ынтымақтастығы ұйымдары мен түркі мемлекеттері істеріне жауапты министрдің орынбасары Экинджимен бірлесе жұмыс істейтініне қуанышты екенін айтып, бауырлас түркі мемлекеттері арасындағы бірлік пен ынтымақтың нығая түсуіне тілектес екенін білдірді.
Кездесу барысында қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерінің түрлі аспектілері талқыланды. Тараптар хатшылықтың жаңа бастамалары, әсіресе, ТҮРКСОЙ-дың жетекші халықаралық ұйымдармен және үшінші елдермен қарым-қатынастары жайы сөз болды. Сонымен қатар, ұйымның институционалдық құрылымын күшейту керек деп келісілді.
Сондай-ақ 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы - Ақтау қаласының ресми ашылу салтанаты, Ақтауда жыл бойы өтетін халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф пен Протокол директоры Фатих Алии де бас хатшы Раевпен бірге болды.