WhatsApp Image 2025-02-15 at 21.06.41
15 февраля 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Шыңғыс Айтматов атындағы институттың ашылу салтанатында түркі әлемінің мәдени бірлігін ерекше атап өтті

15 февраля 2025 г.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Шыңғыс Айтматов атындағы институттың ашылу салтанатында түркі әлемінің мәдени бірлігін ерекше атап өтті

Анкарада түркі әлемінің әдеби және мәдени мұрасының маңызды өкілдерінің бірі - Шыңғыс Айтматовты ел есінде мәңгі қалдыру және түркі мәдениетін келешек ұпақ жадында мәңгі сақтау мақсатында Айтматов институты ашылды. Салтанатты шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ғалымдар, өнер қайраткерлері, жазушылар мен басқа да қонақтар қатысты.

Жиындағы сезімге толы сәттер мен сөздер

Жиында Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейне көрсетілімдер мен түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген жастардың пікірлері тыңдалды. Салтанатты шарада сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев жыл санап өзгеріске ұшырап отырар мына байтақ әлемдегі түркі мәдениетін сақтаудың маңыздылығына тоқталды. «Біз өмір сүріп жатқан әлем тез өзгеретін күшке ие. Күн өткен сайын шекаралар өзгеруде, технология ілгерілеуде. Бірақ осы өзгерістердің арасында біз адамдық рухты, ар-ожданды және негізгі құндылықтарды сақтай аламыз ба? Бұл расында маңызды сұрақ!», - деді ол.

Раев Айтматовтың түркі әлемі үшін қаншалықты құнды екеніне тоқталып, «Ол тек қырғыз халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің ортақ құндылығы, ортақ үні, ортақ санасы. Шығармалары түркі халқының әлемге ашар есігі іспетті. Айтматов – адамзатқа түркі мәдениетін танытқан ойшыл...», – деді ол.

Раев өз сөзінде Түркі әлемінің дана көшбасшысы, ғалым Девлет Бахчелиге алғысын білдіріп, оның түркі мәдениеті мен бірлігіне қосқан үлесіне тоқталды. Раев: «Девлет Бахчели мырза Шыңғыс Айтматов институтының құрылуына үлкен ерік-жігер мен қолдау көрсетті. Оның түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтап қалу үшін жасаған бұл қадамдары түркі әлеміне деген оң көзқарасы мен адалдығының көрсеткіші», - деді ол.

Институт түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайтпақ

Шыңғыс Айтматов атындағы институттың түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайту жолындағы маңызды қадам екенін айтқан Раев: «Бұл институт тек ғылым мен мәдениет орталығы ғана емес, түркі әлемінің мәдени бірлігін сақтайтын көпір, даналық алауы болып табылады», - деді ол. Раев сөзінің соңында сезімге толы мәлімдеме жасап, «Тарихта екі Шыңғыс болған, біріншісі күшпен, екіншісі сөзбен бағындырған. Бұл түркінің ұлы сөзі! Айтматовтың тамыры - түркі, бұтағы - қырғыз! Бүкіл саналы ғұмырын ұлы түркі еліне арнаған ол әрқашан түркі халықтарының бірлігі мен бауырластығын тіледі», - деді ол.

Институттың негізін қалаушы президенті Ильяс Топсакалдың мағыналы сөздері

Топсакал өз сөзінде түркі әлемінің мәдени дәстүрі мен тарихи санасын үйренудің маңыздылығына тоқталды: «Ұлылардың өмірі мен халықтыкі ұқсас келеді. Олар да халқымыздың өткенінің айнасы және болашағының символдық тастары», - деді ол. Топсакал Айтматов шығармаларының түркі әлемінің ортақ құндылықтарын бейнелейтінін айтып, "Жер-Ана", "Ақ кеме", "Қызыл алма", "Қасқыр арманы" сияқты шығармалар тарихымызды, махаббатымызды, үмітімізді, қайғымызды баяндайды. Бұл шығармалар түркі халқының жастарына өткенін үйретіп, болашаққа нұрын шашады», - деді ол.

Көрме және алдағы іс-шаралар

Салтанатты шарадан кейін қатысушылар назарына Айтматовтың шығармашылығы бейнеленген фото көрме ұсынылды. Сонымен қатар, институттың директорлар кеңесі отырысында 2025 жылдың 9-15 маусымында Қырғызстанда өтетін іс-шаралар мен 2025 жылдың қараша айында Еуропа елдерінің бірінде өтетін өнер көрмесі мен концерттің жоспарлары ортаға салынды.

Түркі әлеміне пайдасы тисін

Салтанатты шара Шыңғыс Айтматов атындағы институт түркі әлемінің мәдени бірлігін нығайту және ортақ құндылықтарды сақтау жолында маңызды қадам болады деген сеніммен аяқталды. Институт түркі мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізуде жетекші рөл атқара отырып, түркі әлемінің мәдени кемелденуін сақтауды мақсат етеді.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.29
WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.28 (1)
WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.28
WhatsApp Image 2025-02-15 at 21.07.06 (2)
WhatsApp Image 2025-02-15 at 21.07.06
WhatsApp Image 2025-02-15 at 21.07.05
WhatsApp Image 2025-02-15 at 21.07.05 (3)
WhatsApp Image 2025-02-15 at 21.07.05 (1)
WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.31
WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.31 (2)
WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.31 (1)
WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.30 (1)
WhatsApp Image 2025-02-15 at 19.28.30

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған