― 10 февраля 2025 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен кездесті
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен кездесті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде өткен жиында Ақтау қаласының 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы етіп жариялау аясында өткен кездесуде жоспарланған іс-шаралар мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Министр Аида Балаева ТҮРКСОЙ-дың түркі әлемінің мәдени астанасы бағдарламасын жыл сайын жан-жақты дамытып, өткізіп жатқанына риза екенін білдіріп, 2025 жыл бойы ТҮРКСОЙ іс-шараларында мерзімді үйлестіруші қызметін атқарғанына және түркі әлемінің өнер қайраткерлері мен ғалымдарын Ақтауда жайғару үшін қуанышты екенін жеткізді. Ол сондай-ақ бұл үдерісте барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін де баса айтты.
Отырыс алдында Бас хатшы Сұлтан Раев министр Балаеваны ТҮРКСОЙ делегациясының Ақтау қаласына жасаған жұмыс сапары туралы хабардар етті. Бұл кездесу алдында Ақтауда да бағдарламаларға байланысты кездесулер өткізгенін айтқан Бас хатшы Раев: «Біз облыс және қала әкімімен,мәдениет және өнер қауымының жетекшілерімен кездестік. Сондай-ақ іс-шара өткізілетін орындарды зерттеп, бағдарлама бойынша бағалау жүргіздік. 5 сәуірде түркі әлемінің мәдени астанасының ашылуын түркі әлемі елдерінің қатысуымен өткізуге дайындықты жалғастырудамыз. Салтанатты ашылу шарасына Ақтауда 300-ден астам суретшінің басын қосатынымыз үшін қуаныштымыз. Каспий теңізінің жағасындағы тарихи көне театрда өткізетін ашылу салтанаты ұмтылмас шаралардың бірі болмақ. Салтанатты ашылу шарасынан кейін біз сіздермен бірлесе отырып, Ақтау қаласының мәдени және өнер саласын дамытатын көптеген іс-шара ұйымдастыратын боламыз. Осы процесте қолдау көрсеткеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз», - деді Раев.
Сондай-ақ бас хатшы Раев Ақтаудың тарихи және табиғи сұлулығымен ерекшеленетін ерекше қала екеніне тоқталып, «Ақтау Каспий теңізінің жағасында орналасқан бірінші қала болғандықтан, біз осы уақытқа дейін жариялаған мәдени астаналары арасында ерекше орынға ие. Бұл түркі әлемінің бірден бір орталығы. Біз бұл аймақтың туристік әлеуеті туралы хабардар етіп, Ақтауды бүкіл әлемге танытқымыз келеді», - деді ол.
Кездесу барысында «Ақтау-2025» аясындағы іс-шаралармен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына байланысты жобалар мен арнайы мәдени шаралар талқыланды.
ТҮРКСОЙ делегациясының құрамында ТҮРКСОЙ-дың Қазақстандағы өкілі Нышанкүл Қаратаева, ТҮРКСОЙ мәдениет пен өнер департаментінің басшылары Арман Нұрмахаматұлы мен Салим Эзер, сондай-ақ Қазақстан тарапынан министрдің орынбасары Айбек Сыдықов пен Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев болды.