― 17 января 2025 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев АҚШ-тағы Ахыска түріктерінің өкілдерімен кездесті
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев АҚШ-та тұратын Ахыска түріктерімен кездесті. Бас хатшы Раев Ахыска түріктерінің түрік культін сақтап қалу және насихаттауды сөз етті.
Жиында бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа көшіп келген Ахыска түріктерінің ақсақалы атанған Лачин Шуайбқа ТҮРКСОЙ атынан Бас хатшы Раев алғыс хат табыс етілді.
«Америка Құрама Штаттарында түрік мәдениетін сақтау және ілгерілету жолындағы тамаша қызметтеріңіз бен қоғамдық жұмыстарыңыз үшін сізге шын жүректен алғыс айтқым келеді», - деді алғыс хат табыстау барысында Раев. Жиынға Ахыска түріктерінен бөлек түрлі азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері де қатысты. Кездесуде ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің диаспора өкілдерінің басын қосатын мәдениет және өнер саласындағы іс-шаралар туралы пікір алмасылды. Бас хатшы Раев түркі әлемінің диаспоралық қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және ортақ мәдени құндылықтарды сақтау үшін мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Раев Ахыска түріктерінің түркі әлемінің ажырамас бөлігі екенін және бұл кездесудің ТҮРКСОЙ үшін де маңызды екініне тоқталды.
Ахыска түріктері туралы
Ахыска түріктері – бүгінге дейін әлемнің түкпір түкпіріне жер аударылған және бүгінде әлемнің түрлі елдерінде өмір сүріп жатқан түріктер. 1944 жылы 14 қарашада Грузияның Түркия шекарасына жақын орналасқан Ахыска (Ахалцихе) аймағында тұратын түріктер жер аударылып, әртүрлі елдерге қоныстанды. Осынау қиын көші-қон және жер аудару процестеріне қарамастан өз мәдениетін сақтай білген түріктер бүгінде ТҮРКСОЙ-ға мүше елдермен қатар түрлі елдерде, әсіресе, АҚШ-та тұрып жатыр.