― 21 января 2025 г.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев Болу Карталкайяда болған өрт апатына байланысты көңіл айту хабарламасын жариялады
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Болудағы Карталкайя демалыс орнында шыққан апатта қаза тапқандарға қатысты көңіл айту хатын жариялады.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мырзаға
Құрметті Режеп Тайып Ердоған мырза!
Болу Карталкая демалыс орнында болған өрт апатына қатысты қайғырып көңіл айтамын. ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы атынан өртте қаза тапқан азаматтарымызды Алла рақымына алсын. Жараланғандардың тезірек сауығып кетуін, қайғы жамылған отбасыларға және ұлы түрік халқына сабыр тілеймін.
Бұл қайғы Түркияның емес күллі түркі әлемінің қайғысы. Жоғары мәртебелі Сіздің басқарып отырған мемлекеттегі зардап шеккен азаматтарымыздың денсаулығын тезірек қалпына келтіру және өрт зардаптарын тез арада жою үшін барлық қажетті күш-жігердің сәтті жүзеге асырылатынына толық сенімдіміз.
ТҮРКСОЙ ұйымы ретінде мен бауырлас Түркияның қайғысына шын жүректен ортақтасатынымызды тағы бір мәрте айтқым келеді.
Сұлтан РАЕВ