raşid memdov kapak
15 ноября 2024 г.

Түрікменстан мен ТҮРКСОЙ екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ

15 ноября 2024 г.

Түрікменстан мен ТҮРКСОЙ екіжақты ынтымақтастықты нығайтпақ

2024 жылғы 15 қарашада Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінде Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Сұлтан Раев және Бас хатшының орынбасары Сайит Юсуфпен кездесті.

 

Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, Түрікменстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы әріптестіктің келешек аспектілеріне баға берілді. Тараптар Түрікменстан мен ТҮРКСОЙ арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

 

Кездесу басында Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Түрікменстан Президенті мен Түрікменстанның Қоғамдық байланыстар басқармасының басшысы атынан ТҮРКСОЙ-ға Түрікменстанда және одан тыс жерлерде түркімен мәдениетін ілгерілету жөніндегі жұмысы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ ол мәдени және іргелі құндылықтар арқылы түркі халықтары арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтудағы ТҮРКСОЙ-дың зор үлесін атап өтті.

 

Жиында 2024 жылы ТҮРКСОЙ ұйымының жетекшілігімен түркі әлемінің ұлы ақыны және ойшылы Махтумкулу Фиракиді еске алу және оның шығармаларын зерттеу мақсатында Махтумкулу Фиракидің 300 жылдығы тойланғаны сөз болды. «2024 Махтумкулу Фираки жылы» аясында Түрікменстанның көне қаласы Аневті «Түркі әлемінің мәдени астанасы» етіп таңдау сынды 40-тан астам шара ұйымдастырылғаны айтылды.

 

Осы тұрғыда наурыз айында Анев қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына орай өткізілген рәсімдер, II Театр фестивалі, 1-Түркі әлемі бейнелеу өнері биенналалы, Түркі әлемі мұражай директорларының жыл сайынғы басқосуы, ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің жазушылар жиналысы және халықаралық «Қорқыт Ата» кинофестивалі сияқты маңызды оқиғалар жайы сөз болды.

 

Кездесу барысында 16 қарашада Анев қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына орай өтетін жабылу салтанаты, ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің отырысы сияқты іс-шаралардың маңыздылығы мен түркі елдерінің әр өңірінен келген өнерпаздар ұйымдастыратын концерт жайлы айтылды. Сонымен қатар, 2025 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларға қатысты пікір алмасылды.

 

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Түрікменстан президенті мен Түрікменстанның қоғаммен байланыс басшысына сыйлық ретінде түрік тілінде жарық көрген «Анев – мыңжылдықтар қойнауынан мәдениет» кітабын табыс етті.

Медиа галереясы

Gh4HxK1XKbz4bI8yAOaTkVVl9IOr3t-1500x800
6onx7dLN1ryT23uCSQbHUwal0VLGzb-1500x800
WhatsApp Image 2024-11-15 at 17.29.55
WhatsApp Image 2024-11-15 at 17.29.56

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған