IMG_8341
22 февраля 2025 г.

Сұлтан Раев көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

22 февраля 2025 г.

Сұлтан Раев көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев көрнекті жазушы, драматург Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Дулат Исабековтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

—    Қазақ әдебиеті мен театрының көрнекті өкілі, ұлы жазушы әрі драматург Дулат Исабековтің дүниеден озғанын естіп, жүрегіміз сыздап отыр. Дулат аға қазақ әдебиетінің бір дәуірін өзімен бірге алып кетті. Ардақты аға, үлкен тұлға, заманымыздың асқақ рухына айналған еді.  Арадан осындай бір дәуір өтсе де, оның шығармашылығы мен мұрасы бізбен бірге мәңгі қала бермек.

Соңғы рет Дулат ағаны  Қазастан Жазушылар одағында 90 жылдығында жолықтырып, қол қысып амандасқан болатынмын. Кейін «Гауһартас» спектаклін көріп, оны қолдағаным да есімде. Ол кісінің өнері, сөзі, шығармалары әрдайым ұлт руханиятының биік шыңында сақталады.

Қазақ әдебиетінің асқар тауы, қазақ мәдениетінің қаситетті  тұлғасына айналған  Дулат аға, дүниеден озса да, артынан қалдырған мұрасы мен шығармашылығы ешқашан жоғалмайды, оны ешқашан ешкім жоя алмайды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Өзінің ұлы сөздерімен, шығармаларымен ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Дулат Исабековтің рухы мәңгі жасай берсін. Оның қазасы біз үшін орны толмас үлкен қайғы. Соңына өшпес әдеби мұра қалдырған Дулат Исабековтың  отбасы мен ағайын-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

 

Сұлтан РАЕВ

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті

ұйымының Бас хатшысы


 

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған