2024-09-28-08770
9 октября 2024 г.

Румынияда ТҮРКСОЙ желі есті: Түркі әлемі Констанцада бас қосты

9 октября 2024 г.

Румынияда ТҮРКСОЙ желі есті: Түркі әлемі Констанцада бас қосты

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы биыл 14-рет ұйымдастырылған Кожаели кітап көрмесіне түпнұсқа басылымдарымен қатысты.

Биыл он төртінші рет өткізілген Кожаели кітап көрмесіне ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының департамент басшысы Санжар Мулазымоғлу және ТҮРКСОЙ сарапшысы Тимур Давлетов қатысты. Шараға түркі әлемінің мәдениетін, тарихын, әдебиеті мен өнерін көрсететін көптеген төл басылымдарын көрмеге қойып, насихаттады.

2024 жылдың 5-13 қазаны аралығында Коджаели қалалық әкімдігі өткізетін 14-ші Халықаралық Коджаели кітап жәрмеңкесіне шамамен бір миллионға жуық адам келеді деп жоспарланған. Онда 980 баяндама жасалып, 530 баспа үйінің жұмыстары келушілерге өз өнімдерін ұсынбақ.

ТҮРКСОЙ алғаш рет қатысқан Коджаели кітап жәрмеңкесі баспалар мен оқырмандарды біріктіретін Түркиядағы ең көп келетін алаңдардың бірі болып саналады.

Кожаели конгресс орталығында басталған кітап жәрмеңкесінде Халықаралық ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті ұйымының бастамасымен Түркі әлемінің әдебиеті, тарихы, мәдениеті мен өнері таныстырылып, көрмеге қойылған ТҮРКСОЙ басылымдарынан тұратын бұрыш ашылды.

Сонымен қатар, Давлетов Кожаелидегі TV 262 телеарнасында Сонер Кылыч ұсынған «Мерчек» бағдарламасына тікелей эфир қонағы ретінде қатысу арқылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы мен оның қызметі, ТҮРКСОЙ-дың 14-ші Коджаели кітап көрмесі аясындағы жұмысы жайлы әңгімеледі.

Медиа галереясы

2024-09-28-08761
1107
2024-09-28-08778
1115
2024-09-28-08788
2024-09-28-08780

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған

WhatsApp Image 2024-10-07 at 09.43.48

Сұлтан Раев Түркияның Ұлан-Батырдағы Елшісі Зафер Атешпен кездесті

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Түркияның Ұлан-Батырдағы Елшісі Зафер Атешпен кездесті.