― 18 декабря 2024 г.
Рабатта түркі әлемінің гала концерті өтті
Марокконың астанасы Рабатта Түркіменстан шаралары аясында түркі әлемі гала концерті өтті.
Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасы, Түркия, Қазақстан және Әзербайжан өнерпаздарының қатысуымен өткен шарада түркі әлемінің әндері шүырқалды.
Концерт Түркіменстанның «Мирас» фольклорлық би тобының орындауындағы дәстүрлі түрікмен биімен басталды. Кейін Әзербайжаннан Елчин Хатамли, Түрікменстаннан Дурды Дурдыев пен Зулуха Какаева, Қазақстаннан жыршы, термеші Малика Алдамжарова, Түрікменстаннан халық әртісі Атажан Бердиев, Қырғызстаннан Гүлира Қасымқұлова, Қарақалпақстаннан Артур Өтегенов және Түркиядан Нилгүн Кызылжы өнер көрсетті.
Концертті марокколық өнер сүйер қауым үлкен қызығушылықпен тамашалады.