a46330d6-07d5-48f5-a3e8-928d180c2c3b
7 ноября 2024 г.

Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімі ЮНЕСКО төрінде ұлықталды

7 ноября 2024 г.

Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімі ЮНЕСКО төрінде ұлықталды

Бүгін қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген қаламгердің 100 жылдығы Париж қаласында, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде аталып өтті.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан 1992 жылы ЮНЕСКО мүшесі болды. Сол кезеңнен бастап түрлі салаға қатысты шаралар халықаралық деңгейде қолдау тауып келеді.

100 жылдық мерейтойға арналған конференцияны Елші, ҚР-ның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов жүргізді. Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Бақытжан Омар Бас хатшы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізіп, баяндама оқыды. Қатысушы қонақтар Раевтың видео-құттықтауын арнайы экранда тамашаларды.

Алқалы жиынға ҚР МАМ комитетінің төрағасы Рустам Әли қатысып, көпшілікке ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі Балаева Аида  Ғалымқызының құттықтауын жеткізді . Ал Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының құттықтауын облыстық маслихат төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы жеткізді. Сондай-ақ отырысқа бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бұған қоса шара барысында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Осы орайда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, филология ғылымының докторы Кенжехан Матыжанов және ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Жанарбек Əшімжан сөз алып, Б. Соқпақбаев шығармашылығының ерекшелігі, сондай-ақ Азия және Еуропа елдерінің әдеби байланысының маңызына тоқталды. Оған қоса  асылдың тұяғы Самал Соқпақбаева әкесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Сондай-ақ Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Бақытжан Омар Бас хатшы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізіп, баяндама оқыды. Қатысушы қонақтар Раевтың видео-құттықтауын арнайы экранда тамашаларды.

Шара барысында Мәдениет жөніндегі ЮНЕСКО Бас диреткорының орынбасары Эрнесто Оттоне Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын жоғары бағалап, өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, Қазақстанның  халық әртісі, күйші-сазгер Секен Тұрысбек және «Үшқоңыр» фольклорлық ансамблі көпшілікке қазақ өнерін паш етті.

Айта кетейік, Бердібек атамызбың 100 жылдығы биыл ТҮРКСОЙ ұйымы аясында да тойланды. “Өлгендер қайтып келмейді” кітабы түрік тіліне аударылып, Бас хатшы Сұлтан Раевтың бастамасымен Анкара мен Стамбұл қалаларында халықаралық конференция мен бірнеше көрме өтті.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2024-11-07 at 15.06.30
031aff85-be27-41a5-a0b9-a31d34c904ac
7e29f74d-1cf4-4722-aebe-9a01b48ef8b6
4f6ad416-1ef0-4302-828f-678c5bbaa481
a629b506-0f6a-4f73-93cc-eb410e9bddce
541e5c97-94cf-4b10-99ac-38e8564a47a1
507c1b84-ec06-4f3f-baa3-d925202cc85e
6147d420-2331-4c58-af81-5f12b8904b9d
906e751f-21c6-4ef1-be4d-d57ec834d3c6
377b0ccd-204e-413d-a93e-3fb828a923e7

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған