― 5 октября 2024 г.
Измирде «VII Түркі әлемі әйелдері және сән апталығы» аясында көрме ашылды
Измир Каршыякадағы тарихи сарай Измир Олгунлашма институтының мәдениет және өнер орталығында «VII Түркі әлемі әйелдері және сән апталығы» аясында Түркі әлемі қолөнер көрмесі, шеберханалар мен шеберлік сабақтары өтті.
Шараның мақсаты - Түркі тілдес халықтардың ортақ мәдениеті мен бейнелеу өнерін сән арқылы анықтап, өз елдерінде және бүкіл әлемде таныту – сәулеттен миниатюраға, кілемнен киім-кешекке дейін эстетикаға негізделген бай өркениетімізді тану әрі оның түрлі аспектілерімен әлемге таныстыру.
Іс-шараны ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы атынан Измир Конак аудандық ұлттық білім беру бөлімінің директоры Метин Эндер Қарабұлұқ мырза мен ТҮРКСОЙ Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Арман Нұрмахаматұлы ашты.
Айта кетейік, Түркі әлемі қолөнер көрмесі көзбен көрген көпшіліктің жүрегіне де жол тартты. VII Түркі әлемі әйелдері және сән апталығы аясында ұйымдастырылған қолөнер көрмесінде дизайнерлердің жұмыстары жоғары бағаланса, «шеберханалар мен шеберлік сабақтары» Измир Олгунлашма институтының оқытушылары мен шебер-тренерлеріне және дизайнерлерге бір-бірімен мәдени ақпарат алмасу мүмкіндігі туды.