― 6 февраля 2025 г.
Бас хатшы Раев түрколог ғалым Зейнеп Кормаздың қайтыс болуына байланысты көңіл айту хатын жариялады
Ғұмырын түрік тілінде арнаған, түрколог ғалым Зейнеп Коркмаздың қайтыс болғаны туралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отқан жайымыз бар. Түрік тілінің тарихын, дамуы мен байлығын ашатын зерттеулерімен түркология ғылымына үлкен үлес қосты, ғалым-шәкірт тәрбиелеп, түрік мәдени және ғылыми әлемінің дамуына үлес қосты.
Түрік тілінің ең маңызды зерттеушілерінің бірі ретінде Зейнеп Коркмаз түрік тілінің түп-тамырын және эволюциясын түсінуге бағытталған зерттеулерімен түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасына жан бітірді. Оның ғылыми мұрасы түрік тілінің келешек ұрпаққа мұра боп қалуына бағыт-бағдар береді.
Марқұмның отбасына, түркология әлеміне және барша жақындарына көңіл айтып, жаны жәннатта болсын деп тілейміз. Түрік тілі мен мәдениетін сақтауда Зейнеп Коркмаздың есімі мен еңбектері мәңгі есте қалады.
Сұлтан РАЕВ
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы