― 15 ноября 2024 г.
Ашхабадта ТҮРКСОЙ жоғары лауазымды тұлғаларының 4-отырысы өтті
Ашхабатта (Түрікменстан) Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымына (ТҮРКСОЙ) мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 41-мерзімді отырысына дайындық аясында Түркі мәдениеті тұрақты кеңесінің жоғары лауазымды тұлғаларының ТҮРКСОЙ 4-отырысы өтті.
Тұрақты кеңес және 2025 іс-шаралары алдында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлерінің өкілдері Ашхабадта бас хатшының орынбасары Сайит Юсуфтың қабылдауында бас қосып, алдағы жұмыстарды талқылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Халықаралық байланыстар және хаттама басқармасының бас сарапшысы Әйгерім Иджанова, Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Сыртқы байланыстар және инвестициялар басқармасының басшысы Нүсіпәлі Жақыпбеков. Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, ЕО және Сыртқы байланыстар департаменті, мәдениет және туризм жөніндегі сарапшы Мұстафа Өзсой, Түркіменстан Мәдениет министрлігі Сыртқы байланыстар департаментінің басшысы Майя Сапарова және ТҮРКСОЙ ұйымының қызметкерлері қатысты.
Кездесуде қатысушылар ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 41-ші мерзімді отырысында талқыланатын күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.