― 17 ноября 2024 г.
Ашхабадта ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 41- отырысы өтті
2024 жылы 16 қарашада Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында Түркіменстан мәдениет министрі Атагелди Шамурадовтың жүргізуімен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 41-мерзімді отырысы өтіп, онда Түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығын нығайту және ортақ мақсаттарға бағытталған шешімдер қабылданды.
Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Түрікменстанның Мәдениет министрі Атагелди Шамурадов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Гүлбара Әбдіқалықова, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам және ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты.
Сондай-ақ, Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы Ақтау іс-шаралары үшін арнайы шақыртылған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау мемлекеттік ассамблеясының депутаты Пания Сармурзина және Маңғыстау облысының Мәдениет басқармасының директоры Нұртас Сали қатысты. Жиынға түркі ынтымақтастық ұйымдарының бірі ТүркПА атынан бас хатшының орынбасары Саки Садықов та қатысты.
Кездесу барысында ұйымға мүше елдердің мәдени ынтымақтастығын ілгерілететін жобалар туралы пікір алмасылды. Күн тәртібінде Ақтау қаласының 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып тағайындалуына орай өткізілетін іс-шараларды жоспарлау, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын ілгерілету және тұрақты ынтымақтастық үдерістері талқыланды.
Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Бас хатшы Раев:
«Түркі әлемінің мәдени бірлігі үшін атқарып жатқан жұмыстар бүгінгі күнімізді ғана емес, болашағымызды да қалыптастырады. Біз Ашхабадта жиналып, өткен іс-шараларымызды бағалап, алдағы жылға арналған бағдарламамызды пысықтадық. Бұл кездесудің халықтарымыз арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түсетін маңызды нәтижелері бар. Барлық қатысушыға қосқан құнды үлестері үшін алғыс айтқым келеді».
Достық пен ынтымақтастыққа мән беру
ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 41-отырысы мүше мемлекеттердің түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын қорғау және сақтау мақсатын нығайта отырып, достық пен ынтымақтастықты дамытуға деген жігерін тағы бір мәрте көрсетті.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев: «ТҮРКСОЙ қазір жаңа бағытпен жұмыс істеп жатыр».
ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің отырысы аясындағы баяндамасында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ-дың жаңа көзқарасын, жастарға бағытталған жобаларын және халықаралық ынтымақтастықты ерекше атап өтті. Ұйымның 30 жылдан кейінгі үлкен өзгеріс үстінде екенін айтқан Бас хатшы Раев: «Біздің ұйым мемлекет басшыларымыздың қорғауы мен сіздердің қолдауларыңыздың арқасында осы күнге жетті. Бізді алда ұзақ жол күтіп тұр, бірақ босқа өткізетін бур минут та уақытымыз жоқ. Өйткені ортақ мәдениетіміз, ең құнды қазынамыз жаһандық қауіп-қатерлерге тап болып отыр. Тіліміз бен салт-дәстүріміз оларды қорғап, сақтап тұрғанда ғана болады. Біздің ортақ мәдениетіміз – халықтарымыз арасындағы ынтымақтастықтынығайта түсетін ең маңызды ресурс. Бүгінгі біздің ортақ құндылықтарымыз бізге өткеніміздің мұрасын еске түсіреді және болашағымызға шуағын шашады. Осы ойларды ескере отырып, біз өз іс-әрекетімізді сантүрлендіріп, алға қойған мақсаттарымызға жететін боламыз. Тіліміз, тарихымыз, салт-дәстүріміз түркі әлемі халықтары арасында салған махаббат көпірлерінің негізін құрайды. Мәдени байланыстарымызды одан әрі нығайтып, болашаққа деген үмітімізді арттыра түседі. Мығым болашақты бірге құрудағы біздің ең үлкен ресурсымыз - ортақ мұрамызды алға жылжытудағы біздің табандылығымыз», - деді ол.
ТҮРКСОЙ-дың жаңа көзқарасы
ТҮРКСОЙ-ға қызметке кіріскенде түбегейлі қайта құрулар жүргізгенін айтқан Бас хатшы Раев бұл ұйымның қазір «Жаңа ТҮРКСОЙ» деп аталатынын айтты. Ол бұл үдерісте іс-шаралардың жан-жақты болып, мәдени іс-шаралардың мазмұны да, көлемі жағынан да алға жылжығанын атап өтті. Раев «ТҮРКСОЙ-дың жаңа көзқарасымен Түркі әлемінің мәдени байлығын кеңірек аудиторияға жеткізіп жатырмыз» деді.
Жастарды қолдап жатырмыз
ТҮРКСОЙ-дың болашағын жастардың қолында екенін айтқан Сұлтан Раев соңғы екі жылда іс-шараларға қатысушы жастар саны төрт есеге өскенін хабарлады. Осы тұрғыда ол Алматыда бірінші Жастар саммиті өтетінін, оған 20 елден 250 жастың бас қосатынын хабарлады. «Түркіәлемінің болашағының ең мықты кепілі – жастарымыз», - деп жалғастырды сөзін ол.
Түрік әлемінің мәдени байлығы
ТҮРКСОЙ-дың мәдени шаралар арқылы Түркі әлемінің байлығын әлемге танытатынын айтқан Раев түркі тілін қорғау және тарату ұйымның басты басымдылықтарының бірі екенін мәлімдеді.
Халықаралық ынтымақтастық
Раев ТҮРКСОЙ ұйымына мүше емес елдермен де берік байланыс орнатқанын айтты. Венгрия, Солтүстік Македония және Босния-Герцеговина сияқты елдермен ынтымақтастықтыарттырғандарын айтқан Раев Моңғолия және Корея Республикасымен алғаш рет ортақ жобалардың басталғанын хабарлады.
Мәдени платформалар
ТҮРКСОЙ аясында құрылған Жазушылар одағы, Кинорежиссерлар қауымдастығы және Бейнелеу өнері университеттері қауымдастығы сияқты платформалардың маңыздылығына тоқталған Раев осы құрылымдардың арқасында суретшілер мен ғалымдар арасында тікелей байланыс пен ынтымақтастық мүмкіндіктері пайда болғанын айтты.
Түрікменстанмен ынтымақтастық
Сұлтан Раев Түрікменстанмен ынтымақтастықтағы ілгерілеушілікке назар аудара отырып, бұл қарым-қатынастарды ТҮРКСОЙ үшін мақтаныш деп атады.
Түркі әлемі 2040 көрінісі
Түркі әлемі 2040 көзқарасы аясында жұмыстарын жалғастырғандарын айтқан Раев жастарға бағытталған жаңа жобалармен осы көзқарасқа үлес қосқандарын білдірді.
Жарқын болашаққа арналған ортақ мақсаттар
Сұлтан Раевтың сөзі ТҮРКСОЙ-дың мәдениет пен өнер саласындағы жетекші рөлін, түркі әлемінің ынтымақтастығын және оның болашаққа арналған стратегиялық жоспарларын айқындап берді. Раев сөзін «ТҮРКСОЙ түркі әлемін біріктіруші күш болып қала береді» деп аяқтады.
ТҮРКСОЙ 2026 жылды «Зия Гөкалп жылы» деп жариялады
ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесі Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысымен әйгілі ойшыл, жазушы Зия Гөкалптың туғанына 150 жыл толуына орай 2026 жыл «Зия Гөкалп жылы» болып жарияланды. Қабылданған шешім түркі әлемінің мәдени және интеллектуалдық мұрасын таныстыру және бұл мұраны болашақ ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді. Тұрақты кеңес мүшелері бұл шешімді бірауыздан қуанады қабылдады.
Зия Гөкалп жылы аясында Түркі әлемінде түрлі еске алу шаралары, көрмелер, симпозиумдар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастыру жоспарлануда. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев бұл шешімді «Зия Гөкалп түркі әлемінің ортақ болмысын нығайтқан идеялардың бастаушысы болды. 2026 жылды Гөкалпқа арнау оның жалпыадамзаттық құндылықтарын түсіну және жеткізу үшін маңызды мүмкіндік» деп бағалады.