VLK08198.JPG
21 января 2025 г.

Әзиз Санжарға «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атағы берілді

21 января 2025 г.

Әзиз Санжарға «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атағы берілді

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Aziz&Gwen Санжар қоры маңындағы Санжар мәдени орталығында Нобель сыйлығының иегері, түрік ғалымы, профессор «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атағы берілді.

2025 жылдың 19 қаңтарында өткен шарадаТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев ьұл шешімді Әзербайжанның Шуша қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 40-шы отырысында қабылданғанын атап өтті.

Түрік әлемінің мақтанышы әрі шабыты

Бас хатшы Сұлтан Раев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде профессор Әзиз Санжардың Түркі әлемінің мақтанышы әрі шабыты екеніне тоқталып:

«Әзиз Санжар мырза, сіз тек ғалым емес, түркі әлемінің баға жетпес өр тұлғасысыз. Нобель сыйлығымен бүкіл адамзатқа қосқан еңбектеріңіз түркі мәдениетінің құндылықтарын көрсететін қарапайымдылығыңыз бен еңбекқорлығыңызбен, сондай-ақ ғылым әлеміндегі жоғары жетістіктеріңізбен барша адамзатқа үлгі. Сіздің тамырыңызға адалдығыңыз және әлемдегі ең беделді платформалардағы табыстарыңыз біз үшін маңызды мотивация көзі болып табылады. Бұл атақ сізге деген құрмет емес, түркі әлемінің алғысы. ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер атынан Сізге Түркі әлемінің мәдени елшісі атағын беру біз үшін үлкен мәртебе», - деді ол. 

ТҮРКСОЙ-дың түркі әлеміндегі рөлі

Бас хатшы Раев өз сөзінде ТҮРКСОЙ-дың түркі әлемінің мәдени байлығын қорғау және насихаттау жөніндегі миссиясына назар аударып, «Түркі әлемінде құрылған алғашқы үкіметаралық ынтымақтастық ұйымы ретінде ТҮРКСОЙ осы елдердің мәдени интеграциясы үшін маңызды міндеттер атқарды. 30 жылдан астам түрік әлемінің бірлігі – көне ұлтымыздың ең маңызды іргетасына айналды», -  деді ол.

Эмоцияға толы сәттер өтті

ТҮРКСОЙ жарнамалық фильмінің көрсетілімімен ашылған шараны Aziz&Gwen Санжар қорының басқарма төрағасы Исмаил Арслан басқарды. Іс-шара 150-ге жуық қонақтың, соның ішінде Вашингтондағы Түркия Республикасының Елшілігінің кеңесшісі Мелих Сейфеттин Гюнгөр, сондай-ақ Әзиз Санжар жұбының достары, балалар мен университет студенттері қатысты.

 

Салтанатты рәсім алдында Әзиз Санжар Бас хатшы Сұлтан Раев пен оның делегациясын Орталықтың түрлі бөлімдерімен таныстырып, алдағы жұмыс туралы ақпаратпен бөлісті. Ал бұл уақытта Әзиз Санжардың залға келуін күтіп отырған қонақтар болса, оны қол шапалақпен қарсы алды. 

Түркі әлемінің мәдениет елшісі медалі табыс етілді

Іс-шара Түркия Республикасының Вашингтондағы Елшілігінің кеңесшісі Мелих Сейфеттин Гүнгөр мен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың баяндамаларымен жалғасты. Құттықтау сөздерінен кейін түркі әлемінің мәдени елшісі медалі Әзиз Санжарға табыс етілді. Әзиз Санжар қуанышын білдіріп,  сөз сөйледі: «Бірге әрекет етіп, ғылымға көбірек мән беру түркі әлемін әлемдегі жетекші мемлекеттер қатарына қосады», -  деді

Профессор Әзиз Санжар: «Бұл менің арманым еді»

Әзиз Санжар өзіне берілген «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атағын өміріндегі ең маңызды марапат ретінде сипаттады. Бұл медальдың Нобель сыйлығынан да құнды екенін айтқан Санжар: «Бұл медаль мен үшін барлық марапаттан да қымбат. Бұл менің арманым еді. ТҮРКСОЙ – өте маңызды мекеме және ол бізді бүкіл әлемге танытады деп сенемін», - деді.

Сондай-ақ ол әлемінің тарих бойы бірлікте көрген қиындықтарына да тоқталып: «Түркі тайпалары тарих бойына ұзақ уақыт бірге әрекет еткен жоқ. Дегенмен, бүгінде бірлік туралы айта алатын болсақ, бұған біздің мемлекет басшыларымыз, жүрегі түркі әлемі деп соққан мен және ТҮРКСОЙ сияқты мекемелердің қосқан үлесі зор», - деді ол.

«Түркі әлемінің ұлтшылдық рухы өте мықты»

Санжар бала кезінен түркі әлемінің ұлтшылы боп өскенін айтып: «Мен 8 жасымнан бастап түркі әлемінің ұлтшылымын. Түркі әлемі және түркі әлемі ұлтшылдығын сезініп өстім». Түрікменстаннан басқа барлық тәуелсіз түркі мемлекеттерінде болғанын айтқан Әзиз Санжар Түркі әлеміндегі ұлтшылдықтың өте мықты екенін байқағанын білдіріп, тәуелсіз түркі мемлекеттерін аралағанда көрген қонақжайлылықты мақтан тұтатынын айтты: «Мен табысты ғалыммын, бірақ табысты ғалымдар көп.  Бауырларым мен барған сайын мені өз бауырларындай қарсы алатын. Ата-баба жерімізде түркі бірлігін сезіндім. Түрік әлеміндегі ұлттық сананың куәсі болдым. Бұл мені қатты қуантты», - деді ол.

Түрік әлемі бірлігінің символдық сыйлықтары

Шара соңында Бас хатшы Сұлтан Раев Әзиз Санжарға Түркі әлемінің бірлігі мен бай мәдениетін көрсететін мағыналы сыйлықтар табыс етті. Сыйлықтар арасында Қазақстаннан шапан, Қырғызстанан айыр қалпақ, Өзбекстаннан ұлттық белбеу, Түркиядан келген қасқырдың басы бар балтақ, Әзербайжаннан Қарабах жеңісінің символы, Хар-ы Бұлбұл дизайнымен ілмек түйреуіш және Түрікменстаннан Махтумкулу Фираки деген арнайы басылған еңбекті сыйға тартты. Санжар «Бұл сыйлықтар түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі» деп ризашылығын білдірді.

Көрме Aziz&Gwen Санжар мәдениет орталығына ұсынылды

Бағдарлама ТҮРКСОЙ ұйымы дайындаған фотокөрменің ашылуымен жалғасты. Көрмеде түркі әлемінің мәдени астаналары болып таңдалған қалалардың фотосуреттері мен ТҮРКСОЙ ұйымының дәстүрлі түрде ұйымдастырған сурет байқауында жүлделі орын алған балалар мен жасөспірімдердің жұмыстары қойылды. Шара соңында көрмедегі суреттер сыйлық ретінде Aziz&Gwen Санжар мәдени орталығына табысталды.

«Түркі әлемінің мәдени елшісі» медалі: бірлік пен ағартушылық символы

ТҮРКСОЙ бастамасымен қолға алынған «Түркі әлемінің мәдени елшісі» бағдарламасы – ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің шешімімен мәдениет, өнер, спорт және ғылым салаларында танымал тұлғаларға берілетін арнайы медаль. Медаль дизайнында ТҮРКСОЙ ұйымының негізін қалаушы Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия елдерін бейнелейтін 6 жұлдыз және ортасында түркі әлемінің жарқын болашағын бейнелейтін күн бейнеленген. Айырықша ТҮРКСОЙ логотипі негізінде жасалған және көгілдір эмальмен безендірілген. Медальдың бет жағында «Түркі әлемінің мәдени елшісі» деген сөз тіркесі болса, артында руна әліпбиімен жазылған «түркі» сөзі және Исмаил Гаспыралының «Тілде, пікірде және жұмыста бірлік» деген дәйексөзі бар.

Медиа галереясы

VLK08195.JPG
VLK08182.JPG
DSC09356
DSC09477
DSC09387
DSC09340
_VLK08193
WhatsApp-Image-2025-01-19-at-20.56.51
DSC09344
_VLK08146
DSC09341
DSC09341
DSC09353
DSC09378
DSC09544
DSC09386
DSC09403
DSC09435
DSC09447
DSC09428
*VLK08151.JPG
DSC09474
DSC09492
DSC09502
DSC09515_1
VLK08141.JPG
VLK08262.JPG
VLK08223.JPG
VLK08226.JPG
VLK08231.JPG

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған