Сайит Юсуф

Сайит Юсуф
Бас хатшы орынбасары

1965 жылы 1 қаңтарда Трабзон қаласында дүниеге келген. Орта мектепті Сакария қаласында тәмамдаған. 1988 жылы Анкара университеті саяси ғылымдар факультетінің халықаралық қатынастар бөлімін бітірген. 

Еңбек жолын 1989 жылы Сыртқы сауда кеңесшісі, Экспортты дамытуды зерттеу орталығында (İGEME) сарапшы болып бастады. 1994 жылы уақытша жолдамамен Премьер-Министрлікте қызмет атқарған. 1994-1996 жылдар аралығында Премьер-министрдің Балқан істері кеңесшісінің орынбасары, 1996-1999 жылдар аралығында түркі әлемі бойынша Мемлекеттік министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. 1999 жылы Премьер-Министрліктің кеңесшісі болып тағайындалды. 1999-2007 жылдар аралығында мемлекеттік министрлердің түркі әлемі жөніндегі бас кеңесшісі қызметін атқарды. Ал 2007-2016 жылдар аралығында Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметін жалғастырды. 2016 жылдың 6 желтоқсаны мен 2023 жылдың 10 маусымы аралығында Шетелдегі түріктер және туысқан қауымдастықтар (YTB) президенттігінің вице-президенті қызметін атқарды. Түркия бурслары басқармасының вице-президенті ретінде жұмысын YTB ішіндегі жұмысында жалғастырған Сайит Юсуф сонымен қатар туыс қауымдастықтардың іс-шараларын да ұйымдастырды.

2023 жылдың 12 маусымынан бастап Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойдың шешімімен ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы орынбасары болып тағайындалды.


© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған