2010 жыл – ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері, Париж 2011 - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Нью-Йорк 2011 - Линкольн театры, Вашингтон ДС 2013 - Тринити колледжі – Кембридж, Англия 2014 - Ескішаһар, Түркия 2015 жыл - ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері, Париж 2015 - Stadhalle Mülheim, Кельн, Германия 2015 - Холфбург король сарайы, Вена, Аустрия 2016 - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Нью-Йорк 2016 - Уорнер театры, Вашингтон ДС 2017 - Қазақстан, Қырғызстан, Румыния және Гагаузия (Молдова) 2018 - Балқан елдері 2019 - Брюссель, Берлин.

ТҮРКСОЙ ұйымында жылдар бойы дәстүрге айналған және жүйелі түрде өтетін түрлі іс-шаралар бар.

Мәселен: Наурыз тойлары, суретшілер кездесулері, фотографтар кездесулері, мүсіншілер кездесулері және опера күндері. Іс-шаралардың тақырыптары ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі жариялаған еске алу жылдарының аясында айқындалады. Бұл шаралардың барлығы түркі әлемінің ғалымдары мен өнер қайраткерлеріне тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

ТҮРКСОЙ ЕСКЕ АЛУ ЖЫЛДАРЫ МЕН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАЛАРЫ

Түркі халықтарының ортақ өткені, тілі, әдебиеті, мәдениеті және өнерге қатысты көптеген ғылыми зерттеулерді қолға алған ТҮРКСОЙ өзі жариялаған еске алу жылдары, еске алу шаралары мен оқырмандарға ұсынатын туындылары арқылы түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының қалдырған мәдени мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізуде.  Осы тұрғыда;

          Башқұрт ғалымы, профессор Зеки Велиди Тоғанның 120 жылдығы,

    2011 жылы туғанына 125 жыл толуына орай татар ақыны Абдулла Тукай,

    2012 жылы Әзербайжан драматургі Мирза Фатали Ахунзаденің 200 жылдығы және хакас текті түрколог Николай Катановтың 150 жылдығы,

    2013 жылы қазақ композиторы Мұқан Төлебаев 100 жылдығы,

    2014 жылы Түрікменстанның ғұламасы, ақыны Махтумкулу Фиракидің 290 жылдығы және Тоқтоғұл Сатылғановтың 150 жылдығы,

    2015 жылы түрік драматургі Халдун Танердің 100 жылдығы мен хакастың атақты поэмашысы Семен ҚАДЫШЕВтың 130 жылдығы,

    2016 жылы ақын, ғалым және ойшыл Юсуф Хас Хаджибтің 1000 жылдығы,

    2017 жылы Әзербайжан әдебиетінің маңызды тұлғасы Молла Панах Вагифтің 300 жылдығы,

    2018 жылы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы, Гара Гараевтың 100 жылдығы және Мағжан Жұмабайдың 125 жылдығы,

    2019 жылы Имадеддин Несимидің 650 жылдығы, Ашык Вейселдің 125 жылдығы,

    2020 жылы қазақ зиялысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы,

    2021 жылы Юнус Эмренің 700 жылдығы және Низами Генжемидің 880 жылдығы,

    2022 жылы түрік сопысы Сүлеймен Челебидің 600 жылдығы, Әзербайжан композиторы Фикрет Әміров пен қырғыз суретшісі Токтоболот Абдумомуновтың 100 жылдығы,

    2023 жылы Бекен Қыдыкеева мен Исмет Гүнейдің 100 жылдығы, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы, Мехмет Акиф Ерсойдың 150 жылдығы және Әл-Бирунидің 1050 жылдығы,

    2024 жылы Түрікменстанның ғұламасы, ақыны Махтумкулу Фиракидің 300 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Үнемі өзін жетілдіріп, жаңашылдыққа ашық болатын ТҮРКСОЙ-дың мәдени өмірге қосқан жаңалықтарының бірі – Түркі әлемінің мәдени астанасы қолданбасы. Қалаларымыздың мәдени және көркем өмірін нұрландыру аясында;

2012 жылы Астана, Қазақстан;

2013 жылы Ескішаһар, Түркия;

2014 жылы Қазан, Татарстан;

2015 жылы Мерв, Түрікменстан;

2016 жылы Шеки, Әзербайжан;

2017 жылы Түркістан, Қазақстан;

2018 жылы Кастамону, Түркия;

2019 жылы Ош, Қырғызстан;

2020 жылы Хива, Өзбекстан;

2022 жылы Түркия Бурса;

2023 жылы Шуша Әзербайжан;

2024 жылы Анев, Түрікменстан Түркі әлемінің мәдени астанасы болып сайланды.


НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛЕРІ

Түркі әлемінің ортақ дәстүрі Наурыз ТҮРКСОЙ ұйымының арқасында кеңінен танылуда. ТҮРКСОЙ ЮНЕСКО штаб-пәтерінде және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында өткізілген тарихи мерекелерге қоса, көктемнің келуін Наурыз мерекесін АҚШ, Германия, Франция, Аустрия және Англияда мыңдаған өнер сүйер қауымның қатысуымен және ерекше ықыласпен атап өтті. 

2010 жыл – ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері, Париж

2011 - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Нью-Йорк

2011 - Линкольн театры, Вашингтон ДС

2013 - Тринити колледжі – Кембридж, Англия

2014 - Ескішаһар, Түркия

2015 жыл - ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері, Париж

2015 - Stadhalle Mülheim, Кельн, Германия

2015 - Холфбург король сарайы, Вена, Аустрия

2016 - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Нью-Йорк

2016 - Уорнер театры, Вашингтон ДС

2017 - Қазақстан, Қырғызстан, Румыния және Гагаузия (Молдова)

2018 - Балқан елдері

2019 - Брюссель, Берлин




© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған